RU

Дәулет Тұрлыханов атасының моласын Ресейден тапты

Грек-рим күресінен Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Дәулет Тұрлыханов атасының моласын Ресейдің Нижний Тагил қаласының маңынан тапты. Ол 1937 жылы қанды репрессияның құрбаны болған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Тұрлыхан Қасенұлы - өз заманында ұстаздық етіп, қазақ әдебиетін зерттеумен айналысқан жан. Оның жазған еңбектері де аз емес. Замандастары Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин секілді қазақ әдебиетінің белді өкілдерімен қарым-қатынасын үзбеген.

1937 жылғы қанды қырғынның тұзағынан Тұрлыхан Қасенұлы да құтыла алған жоқ. Алдымен ол 8 жылға сотталған көрінеді, бірақ әйелі мен қос ұлы оны сол кеткеннен қайта көрген емес. Жетпіс жыл ізденістен кейін Тұрлыханның ұрпақтары оның моласын іздеп тапты.

Атап айтқанда, танымал балуан Дәулет Тұрлыханов жуырда Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің құпия құжаттарына қол жеткізіп, атасы жайында көптеген мәліметтер жинаған. Белгілі болғаны, Тұрлыхан Қасенұлы Нижний Тагил қаласындағы кеніште жұмыс істеген екен. 1942 жылы қайтыс болған. Тек араға 16 жыл салып, КСРО билігі оны ақтап шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/289334-deulet-tyrlyhanov-atasynyn-molasyn-resejden-tapty.html