RU

Қазақстандық мұғалімдер елдегі бюрократияға шағымданды

Қазақстандық белсенді оқытушылар премьер-министр Серік Ахметовке үндеу жолдады. Педагогтар өз хатында Үкімет басшысының білім беру саласындағы өзекті мәселелерге көңіл аударуын өтінеді.

Олар бұл хатты коммунистік халықтық партия өткізген қоғамдық тыңдаулардан соң жазып жіберді. Мұғалімдер жалақыларының тым аздығын айтып шағымданып отыр.

Оған қоса оқулықтардың сапасы нашар, кейде мектеп бағдарламасына сай келмей жатады дейді. Бақылау органдары жөнді жөнсіз тексере береді. Қағазбастылық қарбаластан кейін оқу процесіне дайындалуға уақыт қалмайды деп жазыпты ұстаздар.

"Бізді бақылайтын кісілер, мұғалімнің балаға уақыты жоқ. Управления образования, сэс, мчс, акиматы талай талай нелер ешкім оған қарсы емес, но бірақ бірақ бізге точно айту керек, жыл басында бәрімізге айтып қою керек, кім қалай тексереді деп", - дейді "Ар-Намыс" мұғалімдер мен оқытушылардың республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Әміртаева. 

Коммунистер енді жақын арада осы мәселеге қатысты парламенттік тыңдау өткізу туралы бастама көтереміз деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/289928-kazakstandyk-mygalimder-eldegi-byurokratiyaga-shagymdandy.html