RU

Қарағанды облысында тағы бір оқушы өзіне-өзі қол жұмсады

Бұқар жырау ауданы Ботақора кенті жалпы білім беретін орта мектептің 16 жастағы 11-сынып оқушысы өмірмен қош айтысты, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

12 қараша күні күндіз қыз баланы өз үйінің шатырында асылып тұрған күйінде оның әкесі тауып алған. Мектеп оқушысы туыстарына өлер алдында хат жазып қалдырғаны атап айтылуда.

"Өтінемін, мені кешіріңіздерші. Бұған ешкімді кінәламаңыздар. Менің өзімнің өлгім келді. Мен өзім осы жолды таңдадым. Кешіріңіздер мені. Мен сіздердің барлықтарыңызды жақсы көремін", - деп жазылған хатта. Ата-анасының сөзіне қарағанда, қыз бала бұрын да өзіне-өзі қол жұмсауға тырысқан.

"Кәмелетке толмаған қыз баланың өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде", - деп жалғастырды облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, 8 қараша күні Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қызылқайың ауылында екі жасөспірім дос бала өмірімен қош айтысты. Оныншы сыныпта оқитын ұл балалар бір күнде асылып өлген. "Әке, ана, қош болыңыздар, кешіріңіздер",- деп олардың бірі өлер алдында хат жазып қалдырған.

Өзіне-өзі қол жұмсауға бел шешкен қос жасөспірім де тәрбиелі отбасынан. Мектеп оқытушылары екеуін де адам жатырқамайтын, жарқын мінезді деп сипаттады. Олардың оқуда қиындықтары болмаған, бірі спортпен айналысқан, байқауларға қатысқан мектептің үздік оқушысы болып саналған.

Психологтардың бағалауынша, ер балалардың өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігі байқалмаған. Аталған өзіне-өзі қол жұмсау фактілері бойынша тергеу алды тексеруі жалғасуда. Жасөспірімдерді өлімге итермелеген себептер әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/290039-karagandy-oblysynda-tagy-bir-okushy-ozine-ozi-kol-zhymsady.html