RU

Әнші Тина Тернер АҚШ азаматтығынан бас тартады

Рок-жұлдыз Тина Тернер Швейцария азаматтығын алды және АҚШ азаматтығынан бас тартуда, деп жазады БиБиСи.

73 жастағы әншіге жергілікті кеңес Швейцарияның азаматтығын ұсынуды шешкені туралы Цюрих газеті хабарлады. Тернер неміс тілінде шапшаң сөйлейді және Цюрих маңында 90-жылдардың ортасынан бері тұрады.

Осыған байланысты, оның сөзіне қарағанда, ол өзін ештеңе байланыстырмайтын АҚШ төлқұжатынан бас тартуы тиіс деп хабарлайды "Вашингтон Пост".

Тина Тернер - шын есімі Анна Баллок - сегіз рет "Грэмми" сыйлығын иеленген, екі MTV Music Awards сыйлығы, Голливуд Аллеясындағы жұлдыз, World Music Awards "Аңыз" номинациясы сыйлығының және басқа да көптеген марапаттардың иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/290233-enshi-tina-terner-aksh-azamattygynan-bas-tartady.html