RU

Алматыда цирк әртістері аттестация тапсыруда

Еліміздің шенеуніктерінен кейін Алматы аренасының әртістері де сынақтан өтуге міндеттелген.

Ерекше қимылдарымен көрерменін таң қалдырып жүрген акробаттар, сыйқыршылар мен жабайы аңдарды тәртіпке үйреткен жандарға Қазақ Мемлекеттік Циркінің басшылығы мен мәскеулік ұстаздары сұрақ қойып емтихан алып жатыр.

Балетшілердің залында билеп тұрғандар шебер шабандоздар, сыйқыршылар мен клоундар. Демек, әр әртіс әр салаға бейімделе алатынын дәлелдеуде. Аренаға әзірлікті аттестациядағы дайындыққа айырбастаған әртістер қобалжып жүр.

Өйткені өздерінің үйренген мамандықтарынан бөлек қызметкерлер Қазақ Циркінің тарихын да жетік білуі тиіс. Цирктің алғашқы басшыларынан бастап әр кезеңдегі тарихи сәттерінен хабардар болу міндеттелген.

Цирк тарихынан бөлек тәжірибелік сынақтар да өткізіледі. Әртістердің қолдарынан келетін өнерді бар мүмкіндіктерінше көрсете білулері де аттестацияның негізгі талабы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/290272-almatyda-czirk-ertisteri-attestacziya-tapsyruda.html