RU

2020 жылы тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа дейін өседі

2015 жылға қарай Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 71 жасқа, ал 2020 жылға дейін 73 жасқа жететін болады.

Мемлекет басшысы еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына осындай өзгеріс енгізді. Елбасы азаматтар денсаулығын нығайту саясаты жүргізіліп, медициналық қызметтер көрсету сапасының бірыңғай стандарттары енгізілетінін айтты.

Айта кетейік, 2020 жылға қарай аналар өлімі 3 есеге, сәбилер өлімі 2 есеге, ал жалпы өлім саны 30%-ға азаяды деген мақсат қойылды. Сондай-ақ, туберкулезбен ауыру 20%-ға азаяды деп межеленген.

Айта кетейік, бұған дейін 2020 жылы халықтың өмір ұзақтығын 72 жасқа дейін жеткізу көзделген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/290302-2020-zhyly-tyrgyndardyn-omir-syru-yzaktygy-73-zhaska-dejin-osedi.html