RU

Қазақстанның әйгілі опера әншісі Ермек Серкебаев өмірден озды

Қазақстанның опера әншісі, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының иегері Ермек Серкебаев дүниеден озды.

Алматыда 87 жасына қараған шағында Қазақстанның атақты опералық әншісі Ермек Серкебаев дүниеден өтті, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне оның туыстары.

"Ол бүгін таңертең 9.30 сағатта, ұзаққа созылған науқастан соң көз жұмды", - деп хабарлады туыстары сенбі күні.

Е. Серкебаев - кеңестік дәуірдегі қазақтың атақты опералық әншісі (баритон), педагог. Ол 1928 жылы 4 шілдеде Петропавл қаласында дүниеге келген. 1941 жылы Алматы музыкалық мектепте скрипка класында оқыды. 1951 жылы Алматы консерваториясын әнші сыныбында тәмамдады. 1947 жылдан бері Абай атындағы қазақ опера және балет театрында әнші, Алматы консерваториясының профессоры (1982 жылдан бері).

Әнші орындаған партиялардың арасында М. Төлебаев пен Е. Брусиловскийдің "Біржан - Сара" және "Амангелді" операларындағы Қожағұл мен Амангелді партиялары, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің Абай операсындағы рольдер, Онегин мен Елецкий (П. Чайковскийдің "Евгений Онегин" және "Пиковая дама" операларындағы), Дж. Россини, Петруччионың "Севиль шаштаразы" операсындағы Фигаро, В. Шабалиннің "Укрощение строптивой" ("Асауды ырықтандыру") т.б. шығармалардағы кейіпкерлердің рөлін орындады. Қазақ ССР халық әртісі. КСРО Халық әртісі (1959 жылы). Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1977).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/290599-kazakstannyn-ejgili-opera-enshisi-ermek-serkebaev-omirden-ozdy.html