RU

"Барыс" үшін Қазақстанның ескі Әнұраны шырқалды

Астана қаласының "Барыс" хоккей клубы сырт алаңда мәскеулік "ЦСКА" командасына жол беріп қойды, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

Бұл ойында екі кезең бойы шайба соғылмады. Ал үшінші кезеңде қарсыластар "Барыстың" қақпасына үш бірдей шайба салып, жеңімпаз атанды. Қорытынды есеп - 0:3.

Айта кеткен жөн, матчтың басында "Барыс" үшін Қазақстанның ескі Әнұраны қосылды. Ондай оқиға биыл Жоғары хоккей лигасында да болған.

"Сарыарқа" мен "ТХК" арасындағы ойында ескі Әнұран шырқалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/290606-barys-yshin-kazakstannyn-eski-enyrany-shyrkaldy.html