RU

Балқашта 10 айлық баланың үстіне қайнап тұрған шәйнек құлап түсті

Балқашта 10 айлық қыз бала қайнап тұрған шәйнекті үстіне құйып алып, денесін ауыр күйік шалды.

Бұл жайында Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп мәлімдейді "Қазақстан Жаңалықтары" ақпарат агенттігі.

"18-ші қараша күні Балқаш қаласының орталық ауруханасына 10 айлық бүлдіршін 40 пайыз ауыр дене күйік жарақатымен жеткізілді",-делінген хабарламада.

28 жасар анасы бүлдіршінді пәтерде қараусыз қалдырып кеткен, ол қайнап тұрған шәйнекті үстіне құйып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/290983-balkashta-10-ajlyk-balanyn-ystine-kajnap-tyrgan-shejnek-kylap-tysti.html