RU

Қазақ тілді құжаттардағы орфографиялық қателерден көз сүрінеді

Халықаралық келісімдер туралы құжаттар қазақ тілінде жасалады.

Сыртқы істер министрлігінің қазақ тілінде дайындайтын құжаттарында орфографиялық қателерден көз сүрінеді.

Сорақы кемшіліктерді, тіпті, шетелдік әріптестер де байқап, бірнеше мәрте көзге шұқып көрсетіпті. Себебі мұндай халықаралық келісімдер алдымен орыс тілінде дайындалып, сонан соң ғана қазақ тіліне аударылады. Тіпті заң жобаларындағы қателерді депутаттар да "түзеп, әбден шаршадық" деп отыр.

"Енді мұндай құжаттарды алдымен ана тілімізде жазу қажет", - дейді мемлекеттік тілге аудару мәселесін көтерген депутаттар. Алайда өздері осылай бастама көтерген олардың баяндамалары тағы тек ресми тілде ғана жасалды.

"Кез-келген құжатта мейлі ол үлкен, не кіші немесе негізгі болмаса қосалқы құжат болсын. Бірінші кезекте ұлттық мүддені ескеруіміз керек. Яғни кез-келген келісімнің ұлттық мүддемізге нұқсан келтірмеуін басты назарға алуымыз қажет", - дейді мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев.

"Біздің тәжірибемізде 8 рет түзеткен. Армяндармен болды мысалы. Ол ұяттау болды. Қайта-қайта жазамыз. Мына Қытай әріптестеріміз сендер егер ол мемлекеттік тілдерің жұмыс істемесе неге оны осы өздеріңді де қинап, бізді де қинап қоса бересіңдер деген де сөздер айтылған бір кезде. Сондықтан ойланатын кез келді",- деп аяқтады депутат Қуаныш Сұлтанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/291455-kazak-tildi-kyzhattardagy-orfografiyalyk-katelerden-koz-syrinedi.html