RU

Томат тұздығы өмірді ұзартады

Барселона университетінің ғалымдары томат тұздығын өмірді ұзартатын өнімдер қатарына қосуды ұсынып отыр.

Олар бұл өнімнің мидағы қан айналымы жұмысын реттеп, ұстамалы жүрек ауруының алдын алатынын анықтады. The Daily Mail-дың хабар­лауын­ша, ғалымдар зерттеген томат тұздығының құрамы қыза­нақ, зәйтүн майы, пияз бен сарымсақ қоспасы және жүгері ұнынан тұрады.

Ал химиялық-биологиялық құрамына келсек, онда антиоксидант бола алатын 40 полифенол бар. Жүрек пен қан айналымы жүйесін қышқыл­да­ну­дан сақтайтын заттар - осы.

Испан ғалымдарының айтуынша, дәл осындай қосындылардан тұратын қызанақ тұздығы адам ағзасы үшін аса пайдалы. Әсіресе ол жүрегі ауыратын науқас­тардың өмірін ұзарта алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/291532-tomat-tyzdygy-omirdi-yzartady.html