RU

"Барахолканың" саудагерлеріне жаңа "Өжет" базары қолданысқа берілді

Басынан дау арылмаған "Барахолканың" саудагерлеріне жаңа "Өжет" базары қолданысқа берілді

Алатау ауданында орналасқан аталған сауда орталығының басшылары өз базарына жоғары баға беруде. Тіпті үлкен жеңілдіктер болады деп уәде етіп отыр.

"Құлагері сүрінді". "Аралының суы тартылып", саудагерлердің тапқан табыстарының күлі көкке ұшты. "Жұмыссыз қалдық" деп отырғанда, "Барахолкаға" балама ретінде "Өжет" базары ашылып, әлеуметтік халықты бір қуантып тастады.

Жаңа сауда орнының басшылары да жұртқа бір жеңілдік жасайық деп наурыз айына дейін контейнерлерді тегін таратыпты.

"Әрбір базардағы кәсіпкер келер жылдың наурыз айына дейін сауда нүктелерін тегін пайдалана алады. Ал ақша төлеу керек дегендердің барлығы "қаңқу сөздер". Тек наурыз айынан бастап қана төлейтін болады", - деді "Өжет" базарының басшысы Владимир Краснюков.

Әрбір саудагер контейнерді бір айға жалдау үшін 300 доллар көлемінде ақша төлеуі қажет. Бұл бағаны олар тек наурыздың бірінен бастап қана базар әкімшілігіне беретін болады. Қазіргі уақытта 1200 саудагер жұмысқа білек сыбана кірісіп кеткен. Жалпы көлемі 17 гектар жерді алып жатқан аумаққа 5000 контейнер орналасатын болады.

Ал тілсіз жау тұтанған жағдайда мұнда жеке өрт сөндіру көлігі дайын тұр.

"Біздің аумақта жеке өрт сөндірушілер мен машиналар бар. Олар тәулік бойы кезекшілікте тұратын болады. Мен ашығын айтсам, бұл жерде қауіпсіздік ережелері толықтай сақталған. Базар толықтай салынып бітпеген. Көптеген жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Десе де жақын арада сауда орны толықтай керек-жарақпен жабдықталып, колданысқа берілмек", - деді базар басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/291538-baraholkanyn-saudagerlerine-zhana-ozhet-bazary-koldanyska-berildi.html