RU

Антарктида екіге бөлінді

Антарктиданың В-31 деп аталатын айсбергі "Қарағайлы арал" мұздығынан ажырады.

Аталмыш мұздықтың  ұзындығы - 35 шақырым, ал ені - 20 шақырым. Салыстырмалы түрде Сингапурмен немесе Дубай штатының аумағына бара-бар.

Ғалымдар бұл құбылысты 2011 жылы байқаған. Кейіннен инфрақызыл және радиолокациялық зерттеулерден белгілі болғанындай, мұздықтардың арасы жылына 4 шақырымға ұзаған. Бұған негізгі себеп – судың жылуы көрінеді.

Ғалымдар В-31 айсбергі қалай қарай қозғалатынын алдын ала болжау мүмкін болмай отырғанын ортаға салды.

"Егер таудағы өзенге таяқ тастасаңыз, ол айналып отырып, біресе жылдам, біресе баяу ағып отырады. Айсбергтің де қозғалысы дәл сол таяқ секілді. Айырмашылық тек көлемінде ғана, тек оған үлкен таяқ ретінде қараңыз",- дейді НАСА ғалымы Роберт Биндшадлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/291877-antarktida-ekige-bolindi.html