RU

Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Әбдірахманов ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды bnews.kz.

"Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол ҚР Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен, ҚР Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылды",-деп жазылған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/291986-kazakstannyn-byy-zhanyndagy-tyrakty-okili-tagajyndaldy.html