RU

Африкада ислам дініне тыйым салынды

Анголаның Әділет және адам құқығы министрлігі исламды тыйым салынған дін деп жариялады. Африканың бұл елінде барлық мешіттер жабылмақ.

Ангола исламға ресми түрде тыйым салған бірінші мемлекетке айналды. Ел президенті Жозе Эдуарду душ Сантуш "бұл исламның елдегі соңғы ықпалы" екендігін мәлімдеді. Ангола азаматтары байырғы тұрғылықты халықтардың діндеріне құлшылық етеді.

Соңғы сауалнамалар халықтың 47 пайызы дәстүрлі сенімдегілер, тағы 38 пайызы - католиктер, ал 15 пайызы - протестанттар екендігін көрсетті, деп жазады "Взгляд" іскерлік газеті. Ислам дінін ұстанатындар саны аз. Анголаның 18,5 млн. халқының 80-90 мыңға жуығы ғана ислам дінін уағыздайды.

Ел үкіметінің шешімі ислам елдерінің наразылығын тудырып отыр. Олар мешіттердің жойылуына қарсылық білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/292010-afrikada-islam-dinine-tyjym-salyndy.html