RU

Ата-ана баласының басындағы битті кененің уымен құртпақ болды

Қызылордада баланың басындағы битті құртпақ болған ата-ана, кенені улауға арналған дәріні пайдаланған.

Кесірінен, уланған бүлдіршін жансақтау бөліміне түскен. Оқыс жағдай облыста алғашқы рет емес.

Дәрігерлердің айтуынша, бала басын биттен тазартамыз деген ата-аналардың көбі, ветеринарлық дәріханадан кенені улауға арналған "Наликсидон" ерітіндісін алып, оны әсеріне қарамай пайдалана берген.

"Наликсадол" ерітіндісін пайдаланған балаларда әлсіздік байқалады. Сонымен қатар, есте сақтау қабілеті де төмендейді екен.

Осындай салғырттықтың салдарынан жыл басынан бері облыстық балалар ауруханасына 1 мен 8 жас аралығындағы 12 бала уланып ауруханаға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/292130-ata-ana-balasynyn-basyndagy-bitti-kenenin-uymen-kyrtpak-boldy.html