RU

Қазіргі "Бэби-бум" толқыны жұмыссыздыққа әкелуі мүмкін

Қазіргi "бэби-бум" толқыны 2024 жылы еңбек нарығында проблема туындатады.

Бұл жөнiнде бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Ербол Орынбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

"Демографиялық өсiмнiң артуы 2013 жылдың "драйверiнiң" бiрi болатын. 2005 жылы басталған туу көрсеткiшiндегi серпiлiс әлi де жалғасуда. Сарапшылардың берген бағасы бойынша, ол 2016 жылға дейiн жалғасады. Мысалы, 2004 жылы 270 мың сәби дүниеге келсе, ал 2005 жылы - 279 мың, 2006 жылы - 302 мың, 2007 жылы - 322 мың бала дүниеге келдi. Ал 2011 жылы 372 мың бала туып, 2004 жылғы көрсеткiштен шамамен 100 мың адамға артты", - дедi Е.Орынбаев.

Вице-министрдiң айтуынша, туу көрсеткiшiнiң артып жатқанын есепке алып, келешекте еңбек нарығында проблема туындамаудың алдын алу қажет.

Қазақстанда 90- жылдары туу көрсеткiшiнде дағдарыс болғандықтан, қазiр еңбек нарығындағы жағдай әлдеқайда қолайлы.

"2004-2005 жылдары дүниеге келгендер қазiр 8-9 жас шамасында. Бұл "Балапан" бағларламасы, мектепке дейнгi бiлiм беру бағларламасына және денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға деген сұранысты тудыратындар. Осы бағыттағы мәселелер көп және ол Үкiметтiң басымдылығы болып табылады.  Ал қазiргi "бэби-бум" толқыны 2024 жылдары еңбек нарығында проблема туындатады", - дедi ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/292191-kazirgi-bebi-bum-tolkyny-zhymyssyzdykka-ekelui-mymkin.html