RU

Түркияда 10 жасар қыз ана атанды

Түркияда 10 жасар қыз дүниеге сәби әкелді. Жүкті қыз осыдан бірнеше күн бұрын Стамбул перзентханаларының біріне жеткізілген.

Жас ана өте ауыр халде босанғандықтан, нәрестені интенсивті терапия бөлмшесіне жатқызуға тура келді. Ал босанушының небары 10 жаста екендігін дәрігерлер тексеріс барысында ғана анықтапты.

Құжатта қыздың туылған күні 2003 жылдың қаңтары екен. Жағасын ұстаған дәрігерлер мұны бірден полицей қызметкерлеріне хабарлаған. Жас ананың бұған дейін ешбір құжатсыз жүре берген.

"Үйде 14 ағайындымыз. Мектепке барған емеспін. Өткен жылы үлкен ағам үйленген болатын. Оның балдызы маған ғашық болып қалды. 23 жасар жігітпен некелесіп, кейін үйлену тойымызды атап өттік. Бурсадан Стамбулға көшіп келгенімізге бір ай болды",- деп жас қыз полицей қызметкерлеріне мән-жайды баяндады.

Босанушы қыз өзінің нақты жасын қазірге дейін білмейді екен.

"Анамның айтуынша менің жасым 18-де екен. Бірақ шын мәнінде мен жасымның 18-де емес екенін білемін",- дейді жас қыз.

Ал қыздың күйеуі болса, полицейлерге алданып қалғанын айтып ақталды. Қазір бұған қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Әлемдегі ең жас ана 5 жасар перулық қыз екен. 1993 жылы дүниеге сәби әкелген жас ана Гиннестің рекордтар Кітабына енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/292633-tyrkiyada-10-zhasar-kyz-ana-atandy.html