Выйти
RU

Өскеменде таңертең екі Нұрсұлтан дүниеге келді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін таңертең Өскеменде алты нәресте дүниеге келді, оның төртеуі ұл, екеуі қыз бала.

Екі ұл баланың атын жас ата-анасы Нұрсұлтан деп қойды, деп хабарлады Ана мен бала орталығының директоры Рая Рахимова. Тұңғыш Президент күнінде туылған барлық алты баланың анасына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сыйлық тапсырды.

Шығыс Қазақстанда бүгін барлығы 28 нәресте дүниеге келді. Биылғы жылдың 11 айы ішінде аймақта 8 мың кішкентай шығысқазақстандық дүние есігін ашты, бұл өткен жылмен салыстырғанда, айтарлықтай көп.

Өскемен перзентханасы медицина қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, туу блогы толы және тәулік аяқталғанға дейін тағы бірнеше нәресте дүниеге келуі мүмкін.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өскеменде таңертең екі Нұрсұлтан дүниеге келді
Mailfire view pixel