Выйти
RU

Украиндықтар қазақтың ұлттық киіміне үлкен қызығушылық танытты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Украинадағы елшілігі "Укринформ" Украина ұлттық ақпарат агенттігімен бірге Киев қаласында "Қазіргі Қазақстан" сурет көрмесін ұйымдастырды.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Сурет көрмесінде тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның экономикадағы, саясат, мәдениет, спорт, индустриялық-инновациялық даму және т.б. салалардағы жетістіктерін сипаттайтын 60 фотосурет көрсетілді.

Фототілшілер жұмысының арқасында тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және рухани өмірінің маңызды оқиғаларының шежіресі жасалуда.

"Көрмеде Қазақстанның бірегей тарихи орындары және жетістіктері, оның табиғи ландшафттарының әр алуандығы және туристік әлеуеті кеңінен ұсынылған", - деп атап өтілген ведомствоның хабарламасында.

Көрсетілген қазақтың ұлттық киімі және қазіргі Қазақстан туралы бейнесюжеттер көрме қонақтарының үлкен қызығушылығын оятты. Фото қойылымы ағымдағы жылғы 8 желтоқсанға дейін жалғасады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Украиндықтар қазақтың ұлттық киіміне үлкен қызығушылық танытты
Mailfire view pixel