Выйти
RU

"Форсаж" фильмінің бас кейіпкері көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Форсаж" фильмі арқылы аты әлемге танылған Пол Уокер 40 жасына қараған шағында жол апатынан көз жұмды.

Қайғылы оқиға Лос-Анджелестің солтүстігіндегі қалашықта орын алған. Актердің Facebook парақшасында хабарланғандай, көлікті Уокердің өзі емес, досы тізгіндеген көрінеді.

Пол Уокер "Форсаж" фильмдерінің барлық бөлімінде басты кейіпкер Брайн О'Коннердің ролін сомдаған. Фильмнің соңғы жетінші бөліміне Уокер биыл түсіп үлгерді.

Телеөнім көрерменге келесі жылдың жазында жол тартады. Сондай-ақ, Уокер өмірінің соңында "Санаулы сағаттар" деп аталатын триллерге де түсті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Форсаж" фильмінің бас кейіпкері көз жұмды
Mailfire view pixel