Выйти
RU

Астанада бүгін дүниеге келген сәбилерге сыйлық беріледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астана қаласының перзентхана үйлерінде 1 желтоқсан, демалыс күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай дүниеге келген сәбилерге сыйлық табыс етіледі, деп хабарлайды Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Бұл акция Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының жағдайын жақсартуға және еліміздің демографиялық жағдайын көтеруге бағытталған әлеуметтік сипаттағы стратегиялық бағытының аясында өткзілуде" делінген баспасөз хабарламасында. Бүгінгі Астана перзентханаларда 75 аяғы ауыр әйел босанған.

Олардың барлығына естелік хаттармен бірге арнайы сыйлықтар табыс етіледі. Оның ішінде ата-анаға бала күтіміне қатысты ЮНЕСКО қағидатымен әзірленген кеңес хат та бар.

Соңғы жылдары Астанада бала туу саны күрт өсуде. 2010 жылы қалалалық перзентханаларда дүниеге келген сәбилер саны 16,4 мың болса, 2011жылы 21,2 мың, биыл 10 айдың ішінде 18,8 мың сәби дүниеге келген. Астанада әрбір сәбиге бір көшеттен аталып, белгіленеді, талдың орны ата-анаға табыс етілетін "Дүниеге келуіңмен сәби" естелік конвертінде көрсетілген.

Астанада 3 перзентхана – №1, №2 перинаталдық орталық және қалалық перзентхана үйінде және Астана қаласының медицициналық мекемелерінде Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік іс шаралар мен акциялар өткізілуде. №3 қалалық емханада 29 қараша күні "Жастар - еліміздің болашағы" тақырыбында суреттен байқау өткізілді.

Қараша айының 18-28 аралығында 8 қалалық емханада туған жер тақырыбында суреттер конкурсы өткізілді. 30 қарашада балалар стационарында "Жұлдыз-ай" корпоративтік қорымен бірге мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Астанада бүгін дүниеге келген сәбилерге сыйлық беріледі
Mailfire view pixel