RU

Кішкентай қыз баланың құлағына гүл өсіп шыққан

Қытайлық дәрігерлер 16 айлық қыз баланың құлағынан бақбақ гүлін алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Пекин клиникаларының бірінде орын алды. Құлағы ауырып жылай берген қызын ата-анасы ауруханаға жеткізеді. Олардың сөзіне қарағанда, қыздың төрт ай бойы құлағы ауырып жүрген, анасы қызының құлағынан түсініксіз бірдеңе көреді.

Дәрігерлер қызды тексере келе, оның құлағынан 2 сантиметрдей бақбақ гүлін тауып алады.

Дәрігерлердің айтуынша, жылы және ылғалды орта гүлдің өсіп шығуына әсер еткен көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/292887-kishkentaj-kyz-balanyn-kylagyna-gyl-osip-shykkan.html