RU

Ұлыбритания Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне мүдделі

2 желтоқсан күні Бали қаласында (Индонезия) Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) 9-шы министрлік конференциясы жұмысын бастады.

Оған ҚР Экономикалық ықпалдастық істерінің министрі Жанар Айтжанова қатысты, деп хабарлады ҚР Экономикалық ықпалдастық істері министрінің хатшылығы, деп жазады bnews.kz

"9-шы министрлік конференцияның бірінші күні министр Ұлыбританияның мемлекеттік сауда және инвестициялар министрі Лорд Стивен Гринмен кездесті. Кездесу барысында Лорд Грин Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі болып табылатын Ұлыбритания ҚР-ның ДСҰ-ға тезірек өтуіне мүдделі екендігін атап өтті.

"ДСҰ-ға мүшелік қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс істейтін британдық компаниялар үшін инвестициялық климаттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді және өзара сауда көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді", - делінген ақпаратта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/292963-ylybritaniya-kazakstannyn-dsy-ga-kiruine-myddeli.html