RU

Атырау облысында көп балалы ата-ана терроризмді насихаттаған

Атырау облысында төрт балалы ата-анаға қатысты терроризмді насихаттағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы "Қазақстан Жаңалықтары" ақпарат агенттігі хабарлайды "Ақ Жайық" газетіне сілтеме жасап.

"Атырау облыстық ҰҚК департаменті Құлсары қаласының тұрғыны және оның жұбайына қатысты ҚР ҚК-нің 233-1 бабы бойынша ("Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру") қылмыстық іс қозғады", - деп жазады басылым.

Істі тексеру кезінде басқа жайттардың арасында осы отбасылық жұптың 7-13 жас аралығындағы төрт баласының мектепке бармағандығы, ата-анасының олардың тәрбиесімен айналыспағандығы анықталды.

"Осыған байланысты балалар кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығына орналастырылды", - деп хабарлайды газет.

Облыстық прокуратура ұсынған ақпарат бойынша қазіргі кезде істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/293019-atyrau-oblysynda-kop-balaly-ata-ana-terrorizmdi-nasihattagan.html