RU

Уәлибек Әбдірайымов пен Нұржан Төлендиев татуласты

Уәлибек Әбдірайымов басқаратын "Шаншар" әзіл-оспақ театры мен Нұржан Төлендиевтің жетекшілігімен құрылған "Алдараспан" әзіл-ысқақ театры Тәуелсіздік мерекесіне орай Қазақстан қалаларында концерт бермек.

Бұл жаңалық көпшілік қауым үшін тосын сый болып отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын Уәлибек Әбдірайымов пен Нұржан Төлендиевтің арасында үлкен дау-дамайдың болғанын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жарыса жазған болатын. Тіпті, өнериелері бір-біріне деген өкпе-реніштерін қоғам алдында ашық жариялаған-ды.

Алайда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында театр басшылары бітімгершілікке келіп, ел-жұртқа уытты әзілдерін ұсынуды жөн санапты. Бүгінде қос театрдың актерлері еліміздің бірқатар аймақтарында болатын концерттеріне қызу дайындық үстінде.

Ал, өнер ұжымдары желтоқсанның он екінші жұлдызында елордалықтар мен қала қонақтарын "Астана" циркінде өтетін әзіл кешіне шақырcа, алматылықтарды 17 желтоқсанда Респубика сарайында күтеді. "Шаншар" әзіл-оспақ театрының қазақ сатирасында айрықша орны бар.

20 жылдан аса тарихы бар ұжым талай таланттарды киелі сахнаға шығарып, өнер жолына қанат қақтырды. Сатира саңлақтары Уәлибек Әбдіраймов мен Жүсіп Ақшора Нұржанның өнердегі ұстаздары десе болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/293045-uelibek-ebdirajymov-pen-nyrzhan-tolendiev-tatulasty.html