RU

Қазақстан жемқорлық көрсеткіші бойынша Гондураспен теңесті

Transparency International деп аталатын халықаралық мемлекеттік емес ұйымы әлем елдерінің жемқорлық индексін жаңартты.

Бағалау шарты бойынша ең төменгі көрсеткіш 0 балл, яғни бұл жемқорлықтың мүлдем жоқтығын көрсетеді. Ал, ең жоғарғы көрсеткіш сәйкесінше 100 балл (жемқорлықтың жайлап алғандығының белгісі) болып бекітілген.

Ұйым өкілдері әлемдегі 177 елдің хал-ахуалымен танысып шыққан. Зерттеу нәтижелеріне сауалнамалар мен жемқорлық фактілері әсер етіпті.

Тізімнің ең бірінші сатысына 91 балмен Дания және Жаңа Зеландия орналасты. Мамандар аталған елдерде жемқорлық жоқтың қасы дегенді айтып отыр. Ал, тізімнің соңында - Ауғанстан, Солтүстік Корея және Сомали. Олардың үшеуі де небәрі 8 ұпайдан жинаған.

ТМД елдері арасында ең тәуір көрсеткіш Арменияда, ол 94 орында тұр. Одан кейін Молдава Республикасы (102), Белоруссия (123) және Ресей (127) орналасқан. Ал, жемқорлық жайлаған посткеңестік елдердің қатарына Transparency International ұйымы Қазақстанды да қосыпты. Біздің ел 140-орында.

Қазақстан секілді 28 ұпай жинаған Гондурас, Уганда, Лаос сынды шағын мемлекеттерде де жемқорлық біздегі секілді көрінеді. Былтыр еліміз 26 ұпаймен аталған тізімнің 133 сатысына тұрақтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/293148-kazakstan-zhemkorlyk-korsetkishi-bojynsha-gonduraspen-tenesti.html