RU

Алматы әкімдігінің маңынан мина табылды

Алматы әкімдігінің маңынан жарылғыш затқа ұқсас қауіпті зат табылды.

Бұл жайында "Қазақстан жаңалықтары" ақпарат агенттігіне Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Полицияның мәліметінше, сәрсенбіде таңертең қалалық әкімдіктен алыс емес жерде саябақтан өтіп бара жатқан адам жарылғыш затқа ұқсас зат тауып алып, полицияны шақырған. Қауіпті зат табылған жерге келген мамандар әлгі заттың минометтен атуға арналған калибрі 82 миллиметр снаряд екенін анықтады.

Снарядтың шыққан жері мен иесін анықтауға тиіс сараптама өткізу үшін сарапшыларға тапсырылды. Снарядты алу бойынша операция өткізу кезінде қоршау ұйымдастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/293222-almaty-ekimdiginin-manynan-mina-tabyldy.html