RU

Екінші дүниежүзілік соғыстың шығыны анықталды

Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылдың 1 қыркүйегінде Германия КСРО-мен келісімге келіп, Польшаға шабуыл жасауынан басталды.

3 қыркүйек күні Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялады. Майдан осылай басталып, 1941 жылдың 22 маусым күні Германия КСРО-ға басып кірді. Бұл кезде Германияға Венгрия, Румыния, Финляндия, Италия мемлекет­тері қосылған болатын.

Гитлер өзінің Қарулы Күштерінің 77 пайызын КСРО-ға қарсы майданға жұмылдырды. Қазір ғалымдар бұл соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80 пайызы қаты­насқанын жазып жүр. Мәселен, соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алыныпты.

Оның 50-55 миллионы қаза болып, жалпы майдан үшін 4 триллион доллар көлемінде шығын шыққан. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Бұл орайда фашизмнің толық талқандалуына шешуші рөлді КСРО құрамындағы халықтар атқарғанын айта кету керек, деп жазады "Алаш айнасы" газеті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/293263-ekinshi-dyniezhyzilik-sogystyn-shygyny-anyktaldy.html