RU

Неміс сырасы ЮНЕСКО тізіміне енуі ықтимал

Неміс сыра өндірушілері 1516 жылы шыққан сыраның тазалығы жөніндегі заңның мәдени мұраға айналуын қалайды.

Осындай өтініштерін олар ЮНЕСКО-ға жолдады. Немісше Reinheitsgebot деп аталатын заң әлемнің материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енуі мүмкін.

Мысалға, онда Испанияның фламенко биі мен түріктердің киркпинар күресі енген. Германияда шамамен 1300 сыра өндіруші бар. Оларда сыраның 5 мың түрі шығарылады.

Жыл сайын елде әлемдегі ірі Октоберфест сыра фестивалі өтеді, 1810 жылдан бері осы ішімдікті ұнататындар Мюнхенде жиналады. Биылғы жылы ресми деректерге сәйкес, фестивальға 6,4 млн. адам қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/293265-nemis-syrasy-yunesko-tizimine-enui-yktimal.html