RU

Алматы облысының тұрғыны қызын зорлап жатқан жігіттерге оқ жаудырды

Алматы облысында ер адам үш ауылдасына оқ атты, деп хабарлайды BNews.kz облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің жетекшісі К.Нұрахметтің сөзіне қарағанда, Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтай ауылының маңында 57 жастағы азамат үш ауылдасына оқ атқан.

"Қазір екі жәбірленуші Есік қалалық ауруханасында жатыр. Қарулы азаматтан қашып құтылған тағы бірі қолға түсіп, қамауға алынды" - деді К.Нұрахмет.

"Оқ атқан азаматтың айтуынша, таңертең өз үйіне келгенде үш жігітті көреді, олардың бірі 18 жастағы қызын зорлаған. Ашуға булыққан үй иесі 12 калибрлі қарумен екеуін жаралайды, ал үшіншісі қашып кеткен", - деді ол.

Жәбірленуші бойжеткен әкесі жоқ кезде үйде жалғыз болғанын, сол кезде үш белгісіз жігіт үйіне баса-көктеп кіріп, олардың бірі бірнеше сағат бойы оны зорлағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/293362-almaty-oblysynyn-tyrgyny-kyzyn-zorlap-zhatkan-zhigitterge-ok-zhaudyrdy.html