Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық дизайнер әлемді қазақтың ою-өрнектерімен таңғалдыруға шақырды

Опубликовано:

Дизайнер әрі фэшн-продюсер Сәкен Жақсыбаев отандық сән әлемінің болашағы туралы пікірімен buro247.kz сайтымен бөлісті.

"Қазақстандағы сән әлемінің дамуын жоққа шығаруға не көзден тысқары қалдыруға болмайды. Бұл ретте Saks Fifth Avenue Almaty дүкенінің, сондай-ақ, Louis Vuitton, Dolce & Gabbanа секілді монобутиктердің ашылуы өз үлесін қосты. Әлемдік Сән үйлерінің Қазақстанда өзінің өкілдіктерін ашуы отандық сән индустриясының жаңа белеске көтерілгенін білдіреді", - деген пікірде сарапшы.

"Бірақ, мұндайда басқа мәселенің шеті көрінеді: "Ал біз әлемдік сән өндірісіне қандай үлес қосамыз? Оларды немен таң қалдырмақпыз?" деген. Бізде таң қалдыруға тұратын нәрселер баршылық. Топтамаларда пайдалануға лайықты ұлттық ерекшеліктеріміз бен оның жекелеген элементтері бар. Оны әдемі ойнатып шығаруға болады. Бірақ, осыны көрермен назарына ұсыну үлкен өнерді талап етеді. Этника элементтерде кездесуі тиіс. Бұл - ең маңыздысы." - дейді дизайнер.

Сәкен Жақсыбаев этностильді тым асыра пайдаланбаудың маңызды екенін атап өтті. Себебі, көзге көрінбейтін шектен аспаған дұрыс.

"Мысал келітрейін: Көнекөз әжелеріміз тіккен құрақ көрпелер есіңізде ме? Бұл әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болуы мүмкін "пэчворк" стилінің нақ өзі емес пе?!", - дейді ол.

"Бұдан басқа ұлттық ою-өрнегіміз тағы бар. Бірақ, оны өте ұқыпты, шамалап пайдалану - маңызды. Бұған қоса, қазақтың шапаны мен киіз бұйымдарын жаным сүйеді. Оны да ұтымды қолдана білу керек. Сонда ғана стильді әрі ұлттық болмысты айқындайтын киімді өндіруге болады", - деп тәмамдады сөзін сұхбат беруші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/293377-otandyk-dizajner-elemdi-kazaktyn-oyu-ornekterimen-tangaldyruga-shakyrdy/

pixel