RU

Қаржы полициясы парақор судьяның үстінен қылмыстық іс қозғады

Қызылорда облысының Қаржы полициясы Арал аудандық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бұл жайында ҚР экономикалық қылмысқа және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады bnews.kz

"Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Қызылорда облысы Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздеу шараларының материалдарын негізге ала отырып, ҚР Бас прокуроры Қызылорда облысы Арал аудандық сотының судьясы Е.Жамбылбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғады", – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ол азаматтық істі бойынша оң шешім шығаруы үшін делдал арқылы 100 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда. Қылмыстық істер тергелуде, оның нәтижесі алдағы уақытта жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/293410-karzhy-policziyasy-parakor-sudyanyn-ystinen-kylmystyk-is-kozgady.html