RU

Сочиде АҚШ, Германия, Канада және Ресей көш бастайды деген болжам жасалды

Францияның экономист ғалымдары Сочи Олимпиадасында қай елдердің жеңіске жететінін болжады, деп жазады Алаш айнасы.

Бұл зерттеу үшін қатысушы елдердегі халық саны, ішкі жалпы өнім көрсеткіші, спорттық инфрақұрылымның даму деңгейі, алдыңғы Қысқы Олимпиадалардағы жетістіктері және тағы басқа өлшемдер негізге алынды.

Utro.ru-дың хабарлауынша, ерлі-зайыпты зерттеушілер – Мадлен және Владимир Андреффтер өздері түзген экономикалық модель негізінде Сочи Олимпиадасының медальдық кестесін күні бұрын жасап қойған.

Олардың сараптамалық жұмысының нәтижесіне қарағанда, Ақ Олимпиадада алғашқы орындарды АҚШ, Германия, Канада және Ресей иеленеді.

Еске салайық, Сочи Олимпиадасы 2014 жылы ақпанның 7- 23-і аралығында өтеді. Бұл – XXII Қысқы ойындар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/293780-sochide-aksh-germaniya-kanada-zhene-resej-kosh-bastajdy-degen-bolzham-zhasaldy.html