RU

Екі жігітті зират басында асылып қалуға не итермеледі?

Бұған дейін 18 жастағы екі жігіт Степногордағы туыстары жатқан зират басына барып асылып қалғанын хабарлаған болатын. Марқұмдардың қалтасында тек құжаттары болыпты деп хабарлайды деп хабарлайды КТК арнасы.

Бір белгілісі екеуі те жетім, патронатты отбасыда тәрбиеленген. Екі апта бұрын үйлерінен қашып кеткен екен. Сол кезде өз-өздеріне қол салса керек. Өйткені талға асылып тұрған мәйіттер мұз болып қатып қалыпты.

Мына сұмдықты алғаш көрген азамат өзін осы христиан моласының директорымын деп таныстырды. Екі жеткіншек зәулім ағаштың бұтағында  қатар асылып қалған. Ілінген ала жіпті өздерімен ала келген тәрізді. Қорымының шет жағында тұрғандықтан олар күзетшінің көзіне шалынбаған.

"Алғашқыда алыстан қарағанда, маникен бе, оны кім іліп қойды деп ойлап қалдым. Жақындап барып қарасам, екі жас бала. Сондағы шошығанымды көрсеңіз, сұмдық қой. Қатар ілініп тұр. Зәрем кетіп, полицияға қоңырау шалдым. Бұл ешкім келе бермейтін ескі қорым", - дейді зират шырақшысы Игорь Матюшенко.

Ешкім келе қоймайтын моланың түкпіріне қос жеткіншектің бірі Артур Гельмнің әкесі мен атасы жерленіпті. Балалардың бірінің ұлты неміс, екіншісі қазақ. Екеуі балалар үйінде жастайынан бірге өсіпті. Соңғы жылдары бір отбасының потранаттық тәрбиесінде болған.

Астраханка селосындағы лицейде оқитын екеуі жақында ол жақтан қашып кетіпті. Степногор қаласына келіп осындай жағдайға душар болған жеткіншектерді көрші ауданнан лицей директорының орынбасары мен потранаттық ата анасы іздеп келді.

Ал полицейлер балалардың өздеріне қол жұмсағанына шамамен 10 күндей уақыт өткенін айтуда. 

Қос жетімнің 250 шақырымдағы моланы алыстан іздеп келіп неге осы жерде өздеріне қол жұмсағаны белгісіз. Мәйіттер қатып қалғандықтан мамандар қазір сараптама жасауға да бел шешіп кірісе алмай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/294029-eki-zhigitti-zirat-basynda-asylyp-kaluga-ne-itermeledi.html