RU

Қазақстанның жоғарғы билік өкілдері үшін жаңа ұшақ сатып алынды

Қазақстанның жоғарғы билік өкілдеріне жаңа ұшақ сатып алынды. Аvialog.ru интернет-парақшасындағы мәліметке сүйенсек, бұл типтегі ұшақ құны 34 млн АҚШ долларына тең.

"Challenger-850" әуе кемесін "Бүркіт" мемлекеттік әуе компаниясы тәжірибеден өткізіп үлгерді деп жазады Астана арнасы.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарамасы сайтында жарияланған ақпаратта, жаңа әуе кемесінің ұшу сағаты 7 мыңнан артық екені жазылған.

Ұшқыштар құрамы кәсіби тәжірибесі мол мамандардан іріктелген. Олар жердегі және тренажерлік рейстік жағдайларда ұшу дайындығынан өтті.

Осы жылдың қарашасында "Challenger-850" ұзақ ара қашықтықтағы алғашқы рейсін ойдағыдай орындады. 14 жолаушыға арналған ұшақ 2006 жылы Канадада шығарылған. Іскерлерге арналған, жоғарғы санатқа жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/294034-kazakstannyn-zhogargy-bilik-okilderi-yshin-zhana-yshak-satyp-alyndy.html