RU

Greenpeace "Реалдың" баспасөз мәслихатына бөгет жасады

Данияда Greenpeace белсенділері "Реал Мадрид" футбол клубының баспасөз мәслихатына бөгет жасады.

Журналистермен қызу әңгіме жүріп жатқан кезде команданың бас бапкері мен қорғаушысының артынан "Арктиканы құтқарыңдар!", "Газпромға" қызыл карточка көрсетіңдер!" деген баннер көтерілген.

Ұйымдастырушылар ұран сөзді алып тастап, баспасөз мәслихатын жалғастырды. Бұл – ресейлік компанияға қарсы жасалған Greenpeace ұйымының бірінші шарасы емес.

Осы жылдың қыркүйегінде Арктика қайраңын игеруге наразы топ "Газпромға" тиесілі мұнай тұғырының төбесіне шығуға әрекеттенген. Бірақ кемеде болған барлық 30 белсенді қамауға алынып, бұзақылық бабы бойынша айып тағылды. Оларды тек қарашаның аяғында ғана кепілдік арқылы босатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/294312-greenpeace-realdyn-baspasoz-meslihatyna-boget-zhasady.html