RU

Жақында шетелде қазақ йогасы пайда болады

Шетелде қазақ йогасы - "айкуне" сауықтыру гимнастикасының орталықтарын ашу жоспарланып отыр.

Бұл туралы "айкуне" патентінің иегері – алматылық орталық директоры Әйгерім Қалиева мәлімдеді, деп жазады bnews.kz

Оның айтуынша, Абай емші аталып кеткен Абай Баймағамбетовтың басшылығымен Ресейде патенттелген гимнастика түрі шетелдіктер арасында сұранысқа ие. Ресейде бұл гимнастиканы қазақ йогасы деп атайды.

Ол Ресейде 10 жылдан астам уақыт бойы танымал, ал Қазақстанда орталық ашылғаннан бері, яғни үшінші жыл танымал. Қазақстанда бір реттік жаттығу 2500-3000 теңге тұрады.

Мысалы, "созылмалы сколиоз" ауруын емдеу үшін 15 рет жаттығу жасау қажет. Сондай-ақ, орталықта сал балаларға тегін қызмет көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/295023-zhakynda-shetelde-kazak-jogasy-pajda-bolady.html