RU

Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына межелі уақыттан бұрын енбек

Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына межелі уақыттан бұрын енетін түрі бар. 2025 жылы, жаһандық интегралдық қуат рейтингі бойынша, еліміз бірден он сатыға көтеріледі.

34-ші позициядан 24-шіге шығады. Мұндай болжамды Ресейдегі Экономикалық стратегиялар институтының халықаралық сарапшылар тобы жасады."Қазақстан 2050 - жаңа биіктерге" монографиясының тұсаукесерінде шетелдік мамандар Қазақстанның "голланд ауруынан" ада екенін айтты.

Голланд ауруы ұғымы - экономикалық ентігу, құлдырау мағынасын беретіні белгілі. Мамандар математикалық әдістерге сүйене отырып, 100 елді экономикалық, ішкі және сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік критерийлері бойынша зерттеген. Көшбасшының абырой-беделі де назардан тыс қалмапты.

Рейтинг бойынша алдыңғы қатарда АҚШ, Қытай, Ресей тұр. Ал Ауғанстан, Ливия, Алжир мен Израиль тізім соңында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/295148-kazakstan-damygan-30-eldin-kataryna-mezheli-uakyttan-byryn-enbek.html