RU

Қазақстандық шаңғышылар Италия Универсиадасында алтын алқалады

Италияның Трентино қаласында өтіп жатқан Универсиадада шаңғымен 4х10 шақырымдық экстафеталық жарыста Қазақстанның ерлер құрамасы қоржынымызға алтын салды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды, деп жазады bnews.kz

Жерлестеріміз жарыс жолын 43 минут 3,6 секундта жүріп өткен. Ал оларды өкшелеп келген көрші Ресей құрамасына күміс жүлде бұйырды. Жеңіс мәресіне 27,1 секундқа кеш жеткен финляндиялық спортшылар қола медальді қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетейік, Италияда өтіп жатқан Универсиада 21 желтоқсанда аяқталады. Бұған дейін шаңғымен жарыста Қазақстанның әйелдер құрамасы 3х5 шақырымдық эстафетада қоржынымызға қола медаль салған болатын.

Жарыстың аяқталуына екі күн қалғанда Қазақстан құрамасының есебінде төрт медаль бар. Оның алдында тағы да шаңғышыларымыз бір алтын мен бір күміс медаль олжалаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/295351-kazakstandyk-shangyshylar-italiya-universiadasynda-altyn-alkalady.html