RU

Ауыл шаруашылығы вице-министрі жемқорлық айыбымен қамауға алынды

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміраев мемлекеттік сатып алулар бойынша оң шешім шығару үшін $100 000 пара алды деген айыппен ұсталды.

Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне Бас прокуратурадағы сенімді дерекөз хабарлаған.

"Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміраев мемлекеттік сатып алулар бойынша оң шешім шығару үшін $100 000 пара алды деген айыппен ұсталды", - деді жексенбі күні дереккөз агенттікке.

39-жасар шенеунік әртүрлі жылдары "Русские фермы" халықаралық қорының бас директоры, Алматыда "Южный центр" ЖШС-ның қаржы директоры, Қазақстан президенті істерінің басқарушысы орынбасары қызметін атқарды.

Өміраев Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып 2011 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/295583-auyl-sharuashylygy-vicze-ministri-zhemkorlyk-ajybymen-kamauga-alyndy.html