Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Google аудармашыда" қазақ тiлiне аудару 2014 жылы мүмкін болады

Опубликовано:

"Google аудармашы" қызметiнде қазақ тiлiне аудару жүйесi тестiлiк деңгейде iске қосылып, сапалылығы жағынан тексерiстен өтiп жатыр.

Бұл туралы бүгiн ҚР ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында "WikiBilim" басшысы Рауан Кенжеханұлы мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz

"Өздерiңiз жиi қолданатын, журналистер қауымы жиi иек артатын Google жүйесiнiң iшiнде аударма қызметi бар. Қазiр бұл аударма қызметi 80 тiлге аударады. Сол тiлдердегi жекелеген сөздердi, сөйлемдердi, мәтiндердi, веб-сайттарды емiн-еркiн аударатын, тегiн жұмыс iстейтiн үлкен ғаламдық жүйе бар. Аударма үшiн кең қолданылатын негiзгi жүйелердiң бiрi осы болады", - дедi Р.Кенжеханұлы.

"Сондықтан, бұл аударма қызметiне қазақ тiлiн қосу бастамасын осыдан 1,5 жыл бұрын қолға алған кезде, көздеген мақсатқа қол жеткiзу үшiн не iстеу қажет деген сұрақпен Google компаниясына шықтық. Google компаниясы өкiлдерi аударма сервисіне жауап беретiн командамен ақылдасты", - деп атап өтті "WikiBilim" басшысы.

Жобаны iске асыруда "Beeline" компаниясы серiктестiк танытып, қаржылай көмек көрсеткен.

"Осыдан бiраз уақыт бұрын Google компаниясы қазақша аударма сапасын тексеру сатысының басталғанын жариялады. Бұдан былай қазақша және ағылшын тiлiн жетiк бiлетiн көпшiлiк емiн-еркiн сервиске кiрiп, аудармаларға "өте жақсы" және "нашар" деген аралықта өз бағасын беруi тиiс. Неғұрлым көбiрек сөйлемдерге баға берсек, соғұрлым тезірек қазақ тiлi "Google аудармашы" қызметiне енедi", - деп түсiндiрiп өттi Рауан Кенжеханұлы.

"WikiBilim" басшысының айтуынша, ағымдағы 3 айдың iшiнде 10 шақты кәсiби аудармашы күнделiктi тек қана аудармалардың дұрыстығын анықтап, қазақша-ағылшынша сөйлемдердiң аудармасын бағалап шығады.

"2014 жылдың соңына дейiн "Google аудармашы" негiзiнде қазақ тiлiнен ағылшын тiлiне және керiсiнше аударма iске қосылып, жұсыс iстейтiн болады деп үмiттенемiз", - деп толықтырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/295884-google-audarmashyda-kazak-tiline-audaru-2014-zhyly-mymkin-bolady/

pixel