RU

Жүргізушілерге жанар-жағармайды тест арқылы тексеріп алу ұсынылды

Соның салдарынан 100 мыңнан астам көліктен ақау табылған. Тұтынушылардың ұлттық лигасы осылай деп отыр деп хабарлайды 24 арна.

Мамандар жүргізушілер жанар-жағармайды арнайы тест арқылы тексеріп алу қажет есептейді.

ПИК жұмысына да шағым көп. Жөндеуден өткен тұрғын үйдің күйі сын көтермейді. Жақында Астанада бас кеңсесін ашқан тұтынушылар бірлестігі келер жылдан бастап, осындай мәселелердің шешімін табуға көмектеспек.

"Тікелей байланыстың көмегімен тұтынушылар мен кәсіпкерлер арасындағы шиеленіске жол бермейміз. Біз үшін тұтынушылардың қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан жаңа жобаларды жүзеге асыруды көздейміз. Мысалы келер жылдан бастап, тамақ өнімдерін зерттеу арқылы мектеп тағамын тексеруді, жылдам тесттердің көмегімен жанар-жағармай сапасын анықтауды бастамақпыз", - дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/296077-zhyrgizushilerge-zhanar-zhagarmajdy-test-arkyly-tekserip-alu-ysynyldy.html