Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кенесары ханның бас сүйегінің фотосуреті ғаламторды дүр сілкіндірді

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде жарияланған Кенесары ханның бас сүйегі туралы ақпарат ғаламторды дүр сілкіндірді.

Кенесары - ақ киізге көтерілген қазақтың ең соңғы ханы. Түркияға барған сапарында Нұрсұлтан Назарбаев "қазақтың ең соңғы ханы өлтірілген соң, елімізде отарлау саясаты күшейгенін" айтқан еді.

Сенсациялық сурет әлеуметтік желілерге кеше таңертең салынған. Бірақ бұл суретті кімнің қайдан алғаны белгісіз. Белгілісі, бас сүйек телефонның камерасына түсірілген. Жабық  әйнектің ішінде сақтаулы тұрған  қанқаның астындағы белгі қағазда "Кенесары хан Қасымов, последний разбойник киргизкой степи" деген жазу бар.

Бас арнайы темір қондырғыға қойылған. Алдыңғы тістері түгел сау.  Анықтап қарасаңыз қасында тағы бір бас сүйектің шеті көрінеді. Яғни, мұражайдың іші болуы мүмкін. Ал, қанқаның жоғары жағы темірмен жиектеп қапталғанынан, бас сүйекті күлсалғыш ретінде қолданған деп топшалауға болады.

Кенесары ұрпақтарын зерттеуші ғалым Рашид Оразовтың айтуынша, орыс патшайымы Екатарина Кенесарының бас сүйегіне алтын құйдырып, күлсалғыш жасатқан деген болжамдар бұған дейінде айтылған.

Бірақ,  бабамыздың басы мұражайда бұлайша ашықтан-ашық сақталып тұруы мүмкін емес дейді. 

Өйткені, 1994 жылдан бері сайланған экспедициялардың ешбірі нәтиже бермеген. Кенесарының бас сүйегі болуы мүмкін мекемелер мен мұрағаттарға дейін ақтарып шыққан іздеушілеріміздің барлығының тауы шағылған болатын.

Рашид Оразовтың айтуынша, жақында премьер- министр Серік Ахметовте соңғы ханның басын қайтаруды  шегелеп айтып,  іздестірушілерге  тағы да тапсырма  беріпті. Алайда, ғалымдарымыз, Хан Кененің басын қайтарудан бұрын, ол бас сүйекті іздеудің өзі аз ғана адамдардың қолынан келмейді дейді. 

Себебі, бір ғана Эрмитаждың өзінде 3,5 млн экспонат бар. Ал, зерттеуші ғалым Ханкелді Әбжанов болса, қанша сайланып шыққан экспедиция таба алмай қойған бұл дүниені расымен тапқан адам болса, баяғыда сүйінші сұрар еді. Бұл арандатушылық әрекет деп есептейді.

Егер ол табыла қалса, егер оның бәрі ақиқат болса, ол неменеге жасырынып отыр бұрын жариялаған адам.

"Егер ол табыла қалса, егер оның бәрі ақиқат болса, ол неменеге жасырынып отыр бұрын жариялаған адам. Қайта бүкіл қазақтан сүйінші сұрап, өзінің бет әлпетін айтып, аты жөнін айтып, жүрер еді ғой", - дейді Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Ханкелді Әбжанов.

Ақыры, жарияланған суреттің түпнұсқасын табу үшін, 31 арна тілшілері әлеуметтік желіге жариялаған жігіттермен хабарласты. Олар белгілі бір актриса жариялады деген уәж айтты.

"Актриса" жариялаған фото болған соң, тілшілер тезірек ол түсіп жатқан фильмнің режиссеріне хабарласты. Ал, түбінде біз іздеген Хан кененің бас сүйегі Мәскеуден де емес, Санкт-Петербордың  Эрмитажынан да емес, Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің мұражайынан табылды. 

Ғаламторға жарияланған сенсациялық суреттің түпнұсқасы Алматыдағы Асфендияров атындағы медицина университетінің мұражайынан табылғаны тіпті сенсация болды. Алайда, бұл біз ойлағандай қазақ деп қасық қаны тамғанша қырқысқан  Кенесары Қасымұлының бас сүйегі болмай шықты. 

Бұл режиссер Сатыбалды Нарымбетов Кенесары туралы "Аманат" фильміне арнайы жасалған декорация екен. Бұл туралы режиссердің өзі айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/296086-kenesary-hannyn-bas-syjeginin-fotosureti-galamtordy-dyr-silkindirdi/

pixel