RU

Қайрат Нұртас үлкен сахнаға қайта оралды

Қайрат Нұртас үлкен сахнаға қайта оралды. Бұл жолы атышулы эстрада жұлдызы бағын КТК арнасының жаңа жобасында сынап көрмек.

Жаңа жыл қарсаңында тұсауы кесілетін "ТойBestStar" шоуында әнші жан-жақты қырынан танылатын болады. Ал оны сынға алып, бағдарламаның сәнін кіргізетін қос сұлу – Жанар Айжанова мен Айгүл Иманбаева.

Той десе барын салар қазақ бұл жолы да, яғни "ТойBestStar" шоуында аянбады. Өйткені, салтанатты кештің көңіл-күйін көрерменге жеткізу оңай іс емес. Мәселен, кез-келген тойда дастархан басында отырып-ақ талай қызыққа батарыңыз анық. Осы сәтті жауапты редакторлар телевизиялық нұсқа арқылы оңтайлы келтіруге тырысыпты.

"Бұл жоба КТК көрермендеріне бұрын-соңды болмаған, ешкім күтпеген, көрмеген тосын сыйлар әзірлеуде. Біз сахнамызға еліміз үшін еңбек етіп, шынайы өз атына лайық жандарды шақырамыз. Және кейіпкерлерге деген көрермен көзқарасын пародия арқылы жеткізбекпіз", - дейді "ТойBestStar" жобасының продюсері Динара Адам.

Талай шоудың атын шығарған азулы продюсерлер "ТойBestStar" жобасының да артта қалмасына сенімді. Өйткені, әр сенбілік кеште сан алуан кейіпкер келеді студияға. Әнші, актер, сыншы, спортшы дейсіз бе, іздеген тұлғаңызды осынан табатын боласыз. Ал оларды сан сауалдың астына алатын – Жанар Айжанова мен Айгүл Иманбаева.

Әзілі мен сәні жарасқан қос бұрымды, шоудың басты қонағы, әрі тойдың сәні болар – асаба толықтырмақ. Яғни, дәл осы тұлға студия қонағын жан-жақты тексеріп бағады. Бұл жолы тамаданың ұзын қармағына тойда ең көп сұранысқа ие әнші – Қайрат Нұртас түсті.

"Маған қатты ұнап жатыр. Бұл жерде атақты адамдар келіп, өздерінің танымал әндерін айтып. "Тойбастар" деп жатыр ғой", - дейді әнші Қайрат Нұртас.

Айта кету керек, музыкалық шоуда әр кейіпкерге арнайы пародияда әзірленеді. Қазірдің өзінде "ТойBestStar" қонағы болып, өнер адамдарына арналған әзіл-сықақ көріністі әйгілі боксшы Ермахан Ыбрайымов пен Лидия Каденова алғаш көріп қайтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/296110-kajrat-nyrtas-ylken-sahnaga-kajta-oraldy.html