RU

2014 жылда Қазақстанда қандай өзгерістер орын алады?

Алда келе жатқан жаңа 2014 жыл еліміздегі бірқатар өзгерістерге толы болмақ. Солардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Жалақы өседі

2014 жылдан бастап елімізде "А корпусындағы" мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 50 пайызға өседі. Бұл, біріншіден, сыбайлас жемқорлықтың ахуалын сауықтырса, екіншіден, алдағы мінсіз еңбектің алдын ала өтемі деп айтуға болады.

Зейнетақы өседі

Жаңа жылдан бастап зейнетақы мөлшері 9 пайызға артпақ. Бұл көрсеткіш 9 мың 330 теңге болып белгіленген негізгі бөлікке де және еңбек өтілі үшін берілетін сомаға да қосылмақ.

Зейнетақы жарнасы субсидияланады

2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін олар босану бойынша және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау тәртібі енгізілмек. "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңының жобасында зейнетақы жарналарын субсидиялауға жұмсалатын шығыстар 30,6 млрд. теңге сомасында, оның ішінде 2014 жылға - 8,8 млрд. теңге, 2015 жылға -10,1 млрд. теңге, 2016 жылға – 11,7 млрд. теңге сомасында көзделген. Бұл ретте болжамды 10 пайыз аударымдардың 4 пайызы міндетті әлеуметтік сақтандыру қаражатынан әлеуметтік төлемдер есебінен, ал 6 пайызы бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Жылына 4 мың пәтер салынады

2014 жылдан бастап мемлекет 275 мың шаршы метр немесе жылына шамамен төрт мың пәтер салатын болады. Қазір 2-2,5 мың шаршы метр тұрғын үйлер салып жатыр. Өткен жылдан бастап қаржыландыру 10-нан 20 миллиардқа дейін ұлғайтылған. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша жыл сайын кем дегенде 300 мың шаршы метр немесе шамамен бес мың пәтер салу қарастырылған. Жалақысы төмен азаматтар, әсіресе жас отбасылар қолжетімді бағамен тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Ескі көліктер жойылады

2014 жылдың басынан 20 жыл, 2016 жылдан бастап 15 жыл, ал 2020 жылдан бастап 10 жылдық мерзімі бар көліктерге Қазақстан жерінде жүруге тыйым салынады. Сонда 2020 жылдан бастап еліміздің жолдарында 10 жасқа жетпеген "жас" көліктер ғана жүйткіп жүретін болады. 2020 жылға қарай отандық көліктердің санын 200 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Оған дейінгі бес-алты жылды қоса алғанда Қазақстан 2020 жылға дейін 2 миллион автокөлік сатуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/296369-2014-zhylda-kazakstanda-kandaj-ozgerister-oryn-alady.html