RU

Балгер Бақыт Жұматова Қазақстанда екі министрдің ауысатынын болжады

Белгілі балгер, "Битвы экстрасенсов" жетінші маусымының финалисі Бақыт Жұматова болашаққа көз жүгіртіп, екі қазақстандық шенеуніктің ауысатынын болжады.

Өзінің сәуегейлігімен ол Bnews.kz тілшісімен бөлісті.

"Екі министр ауысады. Олардың орнына екі жас адам келеді. Олардың екеуі де көзілдірік киген, жастары 30-дан аспайды. Екеуі де министр қызметінде ұзақ отыратын болады", -деді Бақыт Жұматова.

Балгердің айтуынша, министрлердің ауысуы дамып келе жатқан мемлекетімізге пайдасын тигізеді. Және де екі министр де халыққа адал қызмет атқаратын болады.

"Жас Қазақстан жаңаша гүлденетін болады", -деп болжады Б.Жұматова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/296688-balger-bakyt-zhymatova-kazakstanda-eki-ministrdin-auysatynyn-bolzhady.html