Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда Мебиус лентасы тәріздес ширатылған көпір салынады

Опубликовано:

Қытайдың Хунань провинциясында Мебиус лентасы тәріздес үлкен жаяу жүргіншілер көпірі салынуы мүмкін. Оның жобалаушылары – голланд сәулет бюросының айтуынша, әлемде мұндай сәулет құрылысы әлі болған жоқ, деп хабарлайды BNews.kz Росбалт-қа сілтеме жасап.

"Көпір Мейкси-Лейк өзенінің үстінен салынады. Бұл тәжірибелік жоба. Мейкси-Лейк экологиялық ғимараттары бар жасыл аймаққа, сондай-ақ іскерлік ауданына айналуы мүмкін деп болжануда. Қала жасанды өзендердің негізінде тұрғызылған, сол өзендердің бірінде аталмыш көпір бой көтереді", - делінген хабарламада.

Сәулетшілердің айтуынша, мұндай жобаны жасауға Мебиус лентасы ғана емес, тораптардан құралған ою-өрнектер жиі кездесетін ежелгі қытай көркем сурет өнері дем берген. Көпір қызыл түске боялған болаттан жасалады.

Биіктігі 24 м, ал ұзындығы 150 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/297108-kytajda-mebius-lentasy-terizdes-shiratylgan-kopir-salynady/

pixel