RU

Ақырзаман 2040 жылы болады

Ақырзаман 2040 жылы 5 ақпанда болуы мүмкін, деп хабарлайды NASA ғалымдары. Олардың айтуынша, дәл осы күні Жердің алып астероидпен соқтығысу қаупі бар, деп ақпарат таратты BNews.kz YTPO.ru-ға сілтеме жасап.

Аспан денесінің көлемі 150 метрге жетуі мүмкін. Ғалымдар оның көлемін 2013 жылға қарай нақтылайды. Сол кезде астероидтың жүру траекториясы белгілі болады.

Қазіргі таңда Жердің астероидпен соқтығысу қаупі 1/625 құрайды, бұл ғарыш туралы ілім бойынша жоғары көрсеткіш болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/297301-akyrzaman-2040-zhyly-bolady.html