Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның солтүстік өңірінде бала туу көрсеткіші күрт төмендеді

Опубликовано:

Қазақстанда 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында Қазақстанда 1203 бала дүниеге келді.

Бұл туралы республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Қазақстан жаңалықтары.

"31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында Қазақстанда 1203 бала дүниеге келді. Алдын ала мәліметке жүгінсек, бала туу бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Мұнда 262 сәби дүние есігін ашты", - делінген хабарламада.

Екі күннің ішінде Алматы облысында 159, Қарағанды облысында 121 сәби өмірге келді. Қазақстанның Астанасында 61, Алматыда 52 нәресте дүние есігін ашқан.

Ведомствоның мәліметінше, ал ең төменгі бала туу көрсеткіші Ақмола облысында. Мұнда екі күн аралығында тек 18 нәресте туылды.

Жалпы еліміз бойынша, 2014 жылдың алғашқы 6 күнінде 4015 сәби өмірге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/297325-kazakstannyn-soltystik-onirinde-bala-tuu-korsetkishi-kyrt-tomendedi/

pixel